Space X қазақстандық 2 жерсерікті ғарышқа ұшырды

Space X қазақстандық 2 жерсерікті ғарышқа ұшырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық 2 жерсерік Space X кешенінен ғарышқа ұшырылды. Бортында 60-тан астам микроспутнигі бар Falcon 9 зымыран тасығышы Астана уақытымен түнгі сағат 00:30-да Калифорниядағы Ванденберг базасынан көкке жіберілді.

Аталған зымыран 17 елдің 64 спутнигін ғарышқа жеткізбек. Ондағы екі спутник Қазақстанға тиесілі. Оның бірі – салмағы 100 келі болатын жерді қашықтан бақылауға мүмкіндік беретін микроспутник, ал екіншісі – жердің ионосферасын зерттеуге арналған, салмағы бес келі наноспутник. Ғылыми зерттеу аппараттарын жасауға атсалысқан қазақстандық мамандар спутниктер Falcon 9 зымыран тасығышында сәтті іске қосылды дейді.

«Таңғы сағат 10 және 12 аралығында бірінші сеанс байланысы жүргізілген болатын. Ол сеанста біз бірінші телеметрияларды алдық. Ол бойынша біздің ғарыш аппаратымыз жақсы деп бағаланды. Демек, енді алдағы 10 күнде оны толық іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз», – деді «Ғарыштық техника және технология институты» ЕЖШС қызметкері Ғалымжан АЯЗБАЕВ.

Айта кетейік, ғарыш аппараттарын құруға отандық ғалымдар алғаш рет қатысқан болатын. Ал біздің спутник ғарышта кемінде 3 ай жұмыс істейді деп жоспарланған.  




Новости партнеров