2 мың этникалық қазақ Қытайдан шығуға мүмкіндік алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 2 мың қазақтың Қытайдан кетуіне рұқсат алғанын айтты, деп жазады Stan.kz.
«Қытаймен дипломатиялық бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Қытайлық тарап екі мыңнан аса этникалық қазаққа Қытай аумағынан шығуға рұқсат берді», – дейді Смадияров.
Қазір Қытай Халық Республикасында қалған екі азаматтығы бар қандастарымызға қатысты жұмыс жүріп жатыр.
«Бұл қамауға алынған емес, Қытай аумағынан шыға алмай жүргендерге қатысты. Елшілер осы бағытта жұмыс жүргізуде. Анық-қанығын зерттеп, қандай құжат рәсімдеу керек екенін анықтадық. Қандай жағдайда жүзеге асатынын білдік», – дейді СІМ өкілі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10