|
11.12.2018 | 11:55
1996

Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға арнап фронт-офистер ашылды

Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға арнап фронт-офистер ашылды

Азаматтың заңды қызығушылықтары мен еркіндігін, конституциялық құқығын қорғау мақсатында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген адамдар үшін фронт-офистер ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшылығына сілтеме жасап.

«Әйелдер отбасында физикалық, психологиялық, сексуалдық және экономикалық тұрғыда зорлық-зомбылыққа ұшырайтын жағдай жиі кездеседі. Соған байланысты, полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу шараларын жүзеге асырып, отбасындағы зорлық туралы немесе оның болатыны жайында бопсалауға қатысты хабарлама мен арыздарды қарайды. Азаматтың құқығы тапталған оқиға орнына барып, кінәліні әкімшілік қамауға алып жатыр», - деді полиция майоры Ақбота Әбілқасымова.

Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге құқықтық шаралар ұйымдастырды. Профиль инспекторлары фронт-офистарда таңғы 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін кезекшілік етеді. Полиция зорлық-зомбылықтың куәсі болған немесе өзі сол жағдайға түскен азаматтардың жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласуын сұрайды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир