|
13.11.2018 | 11:44
1630

Жолда келе жатқан әйелді жер жұтып қойды – жантүршігерлік видео

Жолда келе жатқан әйелді жер жұтып қойды – жантүршігерлік видео

Қытайда бейнебақылау камерасы жаяужолда келе жатқан әйелдің жер астына түсіп кеткен сәтін түсіп қалған, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Оқиға жексенбі күні елдің солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясының Ланьчжоу қаласында болған.

Кадрда жаяужол алдымен шөгіп, содан кейін бірнеше метрге төмен опырылып түскені көрінеді.

Жәбірленушіні шұңқырдан құқық қорғау органдарының қызметкерлері шығарып алды. Дәрігерлер оның қабырғасы сынғанын анықтады, деп хабарлады CGTN.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир