Атырауда субұрқаққа құлаған 3 жасар бала көз жұмды
Атырау облыстық полиция департаменті
Оқиға 26 шілдеде сағат 17:50 шамасында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырау қаласында 3 жасар бала субұрқаққа құлап, қайтыс болды. Оның аяғын циркулярлы насос қысып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға 26 шілдеде сағат 17:50 шамасында болған. Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Атырау қаласындағы Әйтеке би көшесінде орналасқан 2021 жылғы баланың аяғы субұрқақ ішіндегі циркулярлы насосқа қысылып қалған. Соның салдары 3 жасар бала қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізу басталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Оқи отырыңыз: Қостанай облысында күдікті ер адам әйелдің басын кесіп алған
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41