Алматы полициясы ірі сауда үйлерін тексеріп жатыр

Алматы полициясы ірі сауда үйлерін тексеріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы полициясы ірі сауда орындарын тексеруге алды. Атап айтқанда, тәртіп сақшылары ұрланған телефондарды саудалағандарды  анықтауға кірісті, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қаланың Медеу ауданындағы «ЦУМ», «Мегатау», «ГУМ», «Мобила» және «Тастақ» сауда орындарында сатылып тұрған 500 ұялы телефон тексерілді. Оның 15-і ұрланған болып шықты.

«Бұл рейд шаралары бөтеннің мүлкіне қол салу қылмыстарының жолын кесуге бағытталған. Оның ішінде телефон ұрлайтын, ұрланған мүлікті сатып алатын адамдарды анықтау үшін жасалып жатыр. Ұрланған телефондардың барлығы тәркіленіп, іс материалдарына заттық айғақ ретінде тіркелді. Ұрланған дүниені саудалаумен айналысқан адамдар Қазақстан заңнамасы бойынша жауап береді», - деді қалалық Полиция департаментінің Қылмыстық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.


Новости партнеров