52 жастағы әйел суррогаттық жолмен 15 бала босанған: ол тағы да жүкті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Англияның Эссекс аймағында тұратын әйел әлемдегі ең көп бала дүние әкелген суррогат ана атанғысы келеді. 52 жастағы Кэрол Хорлок бүгінде Ұлыбританиядағы ең көп бала туған суррогат ана болып табылады. Әйел осы уақытқа дейін 15 нәрестені суррогаттық жолмен босанған және мұнымен тоқтап қалмақ емес.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бір қызығы, Кэрол 20 жыл бойы кездесіп жүрген жігітіне маусым айында тұрмысқа шығуға ниеттеніп отыр.

Кэролдың өзінің екі қызы бар: 28 жастағы Стеффани мен 24 жастағы Меган. Қыздары аналарының шешіміне қарсы, себебі мұндай жаста өмірге сәби алып келу оның денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Әйел жалпы саны 6 жұпқа балалы болуға көмектескен, олардың біріне үшем туып берген кезі де бар. Соңғы рет Кэрол 2013 жылы босанып, бұдан кейін бір рет түсік тастаған.

«Мен тек баланы көтеріп беремін. Егер де болашақ ата-аналар менімен араласып тұрғысы келсе, солай жасаймыз. Олардың кейбірімен жақын доспыз. Ал кейбірін мүлде көрген емеспін», – дейді әйел.


Новости партнеров