Жолаушылар мінген ұшақ құлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
АҚШ-та жеңіл моторлы ұшақ Атлант мұхитына құлады. Ұшақ бортында үш жолаушы болған, деп хабарлайды РИА-Новости.
Қайғылы оқиға сенбі күні күндіз болған. Анықталған мәлімет бойынша, Коннектикуттан ұшып шыққан Piper PA-34 ұшағы Лонг-Айленд аралынан 1,5 шақырым қашықтықта суға құлаған.
Жағалау күзеті қызметкерінің айтуынша, сенбі күні кешке ұшақтың сынығы мен бір жолаушының денесі табылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
05.10.2026 12:35