Әлемдегі ең семіз бала екі есе арықтады

Әлемдегі ең семіз бала екі есе арықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жер бетіндегі ең семіз бала саналып келген индонезиялық Ария Пермана екі есе арықтап, болашақта футболист болғысы келетінін мәлімдеді, деп жазады Бақ.кз сайты Lenta.ru порталына сілтеме жасап.

2016 жылы ол кезде 10 жастағы Пермананың салмағы 200 келі болатын. Ол өз бетінше отырып-тұра алмайтын, жүрмейтін және оны барлық уақытта аштық сезімі мазалайтын болған. Сол себепті, күніне бес рет үлкен порциямен балық, сиыр етін, күріш пен сорпа және тәттілер жеуге әдеттенген. Кейінірек ата-анасы оны қоңыр күрішке диетаға отырғызып, орнынан қозғалуын талап еткен. Ал 2017 жылы балаға асқазан көлемін азайту бойынша ота жасалған.

Қазір 12 жасқа келген Пермана 98 келі артық салмағынан арылды. Ол достарымен футбол мен бадминтон ойнағанды ұнатады және күн сайын бес шақырымдық серуенге шығады екен. Тіпті, мотоцикл айдауды үйреніп үлгерген. Ата-анасы оған газдалған сусын ішіп, тәтті жеуге тыйым салыпты.

«Енді мен бақыттымын. Достарыммен серуендей аламын. Қазір әлдеқайда ептімін және күн сайын достарыммен футбол ойнаймын», – дейді Пермана. Ол болашақта футболист болуды армандайтынын және «Ливерпуль» клубындағы Роберто Фирминоны пір тұтатынын айтты. Пермана қазір мектепке баруды жалғастырып, оқу бағдарламасынан қалып қойған тұстарын қуып жетуге барынша кіріскен.


Новости партнеров