Қазақстандықтар 2019 жылы қанша күн демалады?

19.12.2018 16:53

2019 жылы қазақстандықтар 119 күн демалады. Алдағы жылы тұрғындарға ыңғайлы болу үшін біраз демалыс күнін мерекелерді ұзарту үшін жыжыту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


2019 жыл әдеттегідей жаңажылдық 4 демалыс күнінен басталады: 30, 31 желтоқсан мен 2019 жылдың 1 және 2 қаңтары. Айтпақшы, 29 желтоқсан жұмыс күні болады.  Демалыс күндері ұлттық және мерекелік күндерге келіп отыр.


Мемлекеттік мерекелер: Жаңа жыл (1-2 кантар), Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз), Наурыз мейрамы (21-23 наурыз), Қазақстан Халықтарының бірлігі мейрамы (1 мамыр), Отан қорғаушылар күні (7 мамыр), Жеңіс күні (9 мамыр), Қазақстан Республикасының Конституциясы күні (30 тамыз), Республика күні (25 казан). Тұңғыш Президент күні (1 желтоқсан).