Өскемендегі жаяу жүргіншілер жолында пайда болған жазбалар тұрғындар таңданысын тудырды

30.10.2018 16:56

«Құлаққабыңызды шешіңіз», «Баланы қолынан ұстаңыз». Сірә, мұндай «еске салулар» қажеттіліктен туындаса керек – жол қозғалысы барысында жаяу жүргіншілердің ережені есте сақтауына ықпалын тигізеді, дегенмен, мұндай ескерту сөздер орталық көшелерде емес, қаладағы жаяу жүргіншілер өткелдері ретке қойылмаған аудандарда көптеп жазылса, құба-құп болар еді, деп хабарлайды yk-news.kz.

Мұндай қауіпсіздік шаралары Қазақстанның өзге қалаларында да жиі қолданғанымен, ескерту жазбалары анағұрлым сапалы болғандықтан, бірден көзге түсетінін мойындаған жөн шығар.