|
16.10.2018 | 11:58
4684

Алматыда қар жауады

Алматыда қар жауады

Алдағы аптада Алматыда күн салқындап, қар жауады. Синоптиктердің болжамынша, термометр бағаны -2 градусқа дейін төмендейді.

Дүйсенбі, 15 қазан күні термометр бағаны +18, түнде +5 градусты көрсетеді. Күн бұлтты болады.  

Сейсенбі,  16 қазан күні жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +11, түнде +1 градусты көрсетеді.

Сәрсенбі, 17 қазан күні қар жауады. Термометр бағаны күндіз +5, түнде -2 градусқа дейін төмендейді.  

Бейсенбі, 18 қазан күні ауа температурасы күндіз +7, түнде - 1 градусты көрсетеді. Күн бұлтты болады.

Жұма,  19 қазанда термометр бағаны күндіз +10, түнде +0 градусты көрсетеді.

Сенбі,  20 қазан күн бұлтты болады. Ауа температурасы +11, түнде +1 градусқа жоғарлайды.

Жексенбі, 21 қазанда термометр бағаны күндіз +13, түнде +1 градус жылы болады.  

Ауа райы болжамы intellicast.com сервисінен алынған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир