Полиция еліміз бойынша 1 миллионнан астам тұрғын үйді тексерді

Полиция еліміз бойынша 1 миллионнан астам тұрғын үйді тексерді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Учаскелік полиция инспекторларының халықпен жұмысын жақсарту мақсатында 5 қыркүйектен бастап еліміз аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара шеңберінде учаскелік полиция инспекторлары пәтерлер мен аулаларды аралап, көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтап, азаматтық қаруды сақтау жағдайлары мен ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды тексерді.

Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторы қызмет көрсететін аумақта орналасқан өндіріс нысандарын, ұйымдар мен мекемелерді тексерді. Көлікжай мен саяжайларды, бос қалған ғимараттар мен құрылыс аумақтарын, жылу трассалары мен құдықтар және т.б. тексеру жүргізілді.

«Учаске» операциясы барысында 1 миллионнан астам тұрғын үй мен саяжай тексерілді.

Аталған шара барысында 89 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың қатарында 8 мыңнан астамы тіркеусіз тұру, 9,7 мыңнан астамы шетел азаматтарының Көші-қон заңнамасын бұзу фактісі тіркелді, нәтижесінде, 300-ге жуық шетелдік сот шешімі бойынша елден шығарылды.


Новости партнеров