Алматылық 12 жасар вундеркинд Абзал Мырзаш еліміздің белді жоғары оқу орындарының студенті атанды. Ерекше дарынды балаға Қазақ-Британ техникалық университеті грант бөліп, тіпті ай сайын 42 мың теңге көлемінде берілетін президенттік шәкіртақы да тағайындаған. Енді Абзал ақпараттық технологиялар саласы бойынша білімін жалғастырмақ. Сондай-ақ, ол университет бітірген соң, АҚШ-тың Массачусетс университетіне түсуді жоспарлап қойыпты.
«Қазақ Британ университетінің ректоры өз қолымен тегін оқуға болатын грант сертификатын табыстады. Оқуға түскеннен кейін бірінші күннен бастап ағылшын тілінде сабақ жүреді деді. Өте тәжірибелі мұғалімдер баламен айналысады деді. Баланы халықаралық олимпиадаларға қатыстырамыз деді. Бізді қызықтырған нәрселер көп деді»,- деді Абзал Мырзаштың әкесі, Дәуренбек МЫРЗАШҰЛЫ.