Қырғызстанда 17 жастағы қызды өлтіріп кетті. Бішкектегі тұрғын үйлердің бірінде мәйіт табылғаны туралы хабарлама полицияға 15 қазан күні сағат 7.30-да түскен, деп жазды Sputnik Қырғызстан.
«Нарын облысынан келген қыз Бішкектегі лицейлердің бірінде, ағасының үйінде тұрып оқыған. Қыздың мәйіті жатқан үйдің екінші қабатынан құқық қорғау қызметкерлері киім-кешек тапты, үй суық болғандықтан қыз киіммен жатқан», — деді дереккөз.
Қыздың мәйіті төсектен табылған, ол жалаңаш болған.
Сот-медициналық сараптама оны ұрып-соғып, тұншықтырып өлтіргенін көрсетті. Кісі өлтірді деген күдікпен 21 жастағы және 20 жастағы жігіттер ұсталды, олар марқұмның немере ағасы болып келетіні анықталды. Олардың бірі кінәсін мойындаған.
Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 97-бабы «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.