|
26.11.2018 | 12:03
2684

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сүйікті дәрігерімен жасалған ең үздік селфи байқауын жариялайды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сүйікті дәрігерімен жасалған ең үздік селфи байқауын жариялайды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сүйікті дәрігерімен жасалған ең үздік селфи «Менің сүйікті дәрігерім» байқауын жариялайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Еліміздің әрбір тұрғыны байқаудың қатысушысы бола алады. Ол үшін сүйікті дәрігерімен селфи жасап, өмірінде кездескен медициналық көмек туралы қазақ немесе орыс тілінде шағын эссе жазуы керек. Бұдан соң түскен суреті мен эссені zdrav_konkurs_2018@mail.ru электрондық поштаға жіберіп, Facebook әлеуметтік желісіндегі өз аккаунтына #Menińdárigerim #Мойдоктор хештэгімен орналастыру қажет», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінде.

Жұмыстар ағымдағы жылғы 10 желтоқсанға дейін қабылданады. Кері байланысты қамтамасыз ету үшін өз байланыс телефондарыңызды көрсетуді ұмытпаған жөн!

Байқау қорытындысы бойынша анықталған 3 жеңімпаз бағалы сыйлықтарға ие болады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир