Түркістан облысында дүкеннен балмұздақ жеген ару түрмеге түсуі мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақмола облысының тұрғыны балмұздақ жеймін деп түрмеге түсе жаздады. Оқиға Түркістан облысының Сарыағаш ауданында орын алған. Бойжеткен түн уақытында дүкенге ұрлыққа түсіп, 15 мың теңгенің балмұздағын жеп қойған, деп хабарлайды Sputnik.
Дүкен иесі тәртіп сақшыларына бірден арыз жазып, олар Ақмола облысының тумасын ұстапты. Бойжеткен өзінің балмұздақ үшін ұрлыққа түскенін жасырмаған.
Балмұздақ жеймін деп шалыс басқан ару енді түрмеге тоғытылуы мүмкін. Десе де, мамандар егер дүкен иесімен келісімге келсе, іс насырға шаппауы мүмкін дейді.
Қазіргі таңда аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ⠀Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
15.11.2026 11:50
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
15.11.2026 15:54
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
15.11.2026 10:46