|
07.11.2018 | 12:08
1313

Қарағанды облысында 15 адам уланған дөнер сататын орын жабылды

Қарағанды облысында 15 адам уланған дөнер сататын орын жабылды

Қарағандыда 15 адам дөнермен уланған соң жүргізілген жоспардан тыс тексерістің қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Зертханалық тексерулердің нәтижесі бойынша бес адамда ішек инфекциясы диагнозы расталмады. Екі адамда сальмонеллез, сегіз адамда жіті ішек инфекциясы анықталды. Дөнер сататын орында жүргізілген жоспардан тыс тексеріс барысында мекеменің ыстық сумен қамтылмағаны, дезинфекциялық құралдардың болмағаны, шикізат пен дайын өнімдерді сақтау ережелерінің сақталмағаны анықталды», - деп хабарлады облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер.

Бұдан бөлек, мамандар дөнердегі тауарларда сапаны растайтын құжаттардың болмағаны белгілі болды. Ал дәмхананың қызметкерінде медициналық кітапша болмаған. Сондықтан ол жұмысынан босатылды.

Осы жағдайдан кейін дөнер сататын орын уақытша жабылды. Ал 1 қарашада Абай ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа осы мекеменің қызметін тоқтату туралы талап арыз жолдады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир