|
07.11.2018 | 14:23
1359

Қазақстанда құрылатын жаңа әуе компаниясының тарифтері екі есе арзан болады

Қазақстанда құрылатын жаңа әуе компаниясының тарифтері екі есе арзан болады

Еліміздегі алғашқы лоукостер «FlyArystan» алғашқы рейсі көктемде ұшады. Билет құны нарықтағы бағадан екі есе арзан бағада сатылады.

Бастапқыда 4 ұшақ қызмет көрсетсе, 2022 жылы оның қатары 15-ке дейін ұлғайтылмақ. Әуе кемелері пайдалануға 5 жыл бұрын берілген. Алғашында ол ішкі бағыттарға қатынайтын болады. Жаңа әуепаркі «Air Astana» әуе тасымалдаушының бөлімшесі. Оған бюджеттен еш қаражат бөлінбейді.  

«FlyArystan» әуепаркі эконом-кластағы 180 орынмен жабдықталған Airbus А320 ұшақтарынан тұратын болады. Бюджеттік әуекомпания лоукосттің классикалық үлгісі бойынша қызмет көрсетеді. Тариф бағасы салыстырмалы түрде төмен болады. Алдағы уақытта бағыттық желі алыс-жақын шетел бағыттарымен толығады», – деді «Air Astana» АҚ президенті Питер ФОСТЕР.

Еске сала кетейік, елімізде жаңа бюджеттік әуе компаниясын құру туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Инвестициялар және даму министрлігі мен «Эйр Астана» компаниясына биыл қарашаның басында тапсырған еді.  



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир