|
26.09.2018 | 12:09
1332

Семейде педофил қолға түсті

Семейде педофил қолға түсті

Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қолға түскен азамат бірден кінәсін мойындады, деп хабарлайды Ustinka.kz.

Өткен жұма күні Семей қалалық ІІБ-ге жергілікті тұрғын шағымданып келген. Оның айтуынша, белгісіз біреу оның кішкентай ұлын зорлап кеткен. Тәртіп сақшылары дереу қылмыскерді іздеуге кіріскен. Осылайша, оқиға орын алған аудандағы барлық бейнебақылау камераларының жазбалары жіті тексерілді.

«Іздеу жұмыстары нәтижесінде криминалды полиция қызметкерлері 26 жастағы, бұрын істі болған семейлік азаматты қолға түсірді. Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындаған. Қазір оған қатысты ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде», - деп мәлімдеді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир