Аты аңызға айналған рок-музыкант Виктор Цойдың төлқұжаты Рубинштейн көшесінде тұрған достарының пәтерінен табылғаны, оның сатылымға шығарылатыны туралы бір ай бұрын хабарланған болатын. Кеше әйгілі әншінің төлқұжаты 9 миллион рубльге сатылып кетті, деп хабарлайды РИА Новости «Литфонд» аукцион үйінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сәл бұрын аталмыш аукцион үйінің бас директоры Сергей Бурмистров Виктор Цойдың өлімінен кейін, оның Рубинштейн көшесінде тұратын достарының пәтерінен табылған кеңестік төлқұжатының, музыканттың достарының телефон нөмірі жазылған ескі дәптерінің, сондай-ақ, екі әнінің сирек қолжазбасының «Литфонд» сатылымына шығарылатынын мәлімдеген еді.
Жеке заттар сатылымының бастапқы бағасы 2,5 миллион рубльді құраған. Аукционда сондай-ақ, музыканттың бастапқы бағасы 500 мың рубль болған қойын дәптері 3 млн рубльге сатылған. Ал «Хочу перемен!» әнінің қолжазбасы 3,6 млн рубльге сатылып кеткен.
Сурет / РИА Новости