Дәрігерлер өлді деген 6 айлық сәби мәйітханада «тірілді»
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Дәрігерлер өлді деп денесін мәйітханаға жіберген сәби қайта «тірілді», деп хабарлайды sputniknews.kz.
Жағдай Урмия қаласында болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, аурухана дәрігерлері алты айлық сәбиді тексеріп шығып, тірі екенінің ешқандай белгілері байқалмаған соң оны өлдіге санаған. Кейін денесін мәйітханаға жіберген. Алайда соңғы сапарға шығарып саларда сәбидің шын мәнінде тірі екені белгілі болды.
Қаланың жерлеу қызметі басшысы Аббас Абединидің айтуынша, сәбидің отбасы болған жағдайға қатты таңғалған.
«Олар есеңгіреп, таңғажайып үшін алғыс айтып жатты», — деп қосты ол.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
15.11.2026 11:50
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
15.11.2026 15:54
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
15.11.2026 10:46