Анасы қызын зорлаған үш жігітті пышақтап тастады

Анасы қызын зорлаған үш жігітті пышақтап тастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Анасы бір топ қылмыскердің қызын зорлап жатқанын көргенде ұзақ ойланбады. Ол қолына пышақ алып, зорлаушылардың біріне тап берді. Бір қылмыскер көз жұмды, тағы екеуі жарақат алды. 57 жастағы батыл ана шабуылды тоқтату үшін екі шақырым жерді жаяу жүгірді. Алайда ақыр соңында ол адам өлтірді деп айыпталды, деп жазды sn.kz.

Оңтүстік Африкада тұратын әйел өз үйінде кешкі ас әзірлеп жатқан кезде, көршісі жүгіріп келіп, оның 27 жастағы қызын әлдекімдердің ұрлап кеткенін айтқан. Қызды бір ғимаратқа апарып, зорлап жатқанын да жеткізген.

Анасы жергілікті полиция бөлімшесіне хабарласа алмаған соң, қолына пышақ алып, қызын құтқаруға жүгірген. Перзентінің айқайын естігенге дейін әйел екі шақырым (миль) жүгіріп өткен. Ол үш жалаңаш еркекті көріп, оларды пышақпен жарақаттаған.

57 жастағы әйел адам өлтіргені үшін айыпталған соң, жергілікті тұрғындар бас көтерді. Жанашыр адамдар әйелді қорғау үшін 12 мың доллар ақша жинаған. Ал арада үш апта өткен соң ол босатылды. Зорлаушылар болса 30 жылға бас бостандығынан айырылды. Жарақат алғандықтан, олар өмір бойына түрмеге жабылу жазасынан құтылды.

«Мен бар болғаны қызымды қорғағым келді. Соңына дейін құрбымның сөзі өтірік деп үміттендім. Қызым үшін арыстанның өзін бас салар едім. Меніңше, кез келген ана солай жасайды», – дейді әйел.

Ел жинап берген ақшаға әйел қызы мен немересімен бірге басқа ауданға көшуді жоспарлап отыр.


Новости партнеров