Алматыда «Porshe Cayen» 55 жастағы ер адамды қағып өлтірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда «Porshe Cayen» жүргізушісі 55 жастағы ер адамды қағып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеген.
Жол апаты бүгін таңертең Қ.Сәтбаев көшесінің бойында, Республика алаңында болған.
«Porshe Cayen» көлігін тізгіндеген 36 жастағы жүргізуші Қ.Сәтбаев көшесімен батысқа бағыт алған. Республика алаңында 50-55 жастар шамасындағы ер адам тыйым салынған жерден өтіп бара жатқан. Сол сәтте жүргізуші тежегішті басып үлгермей қағып кеткен.
Ер адам сол жерде көз жұмған. Қазір оның кім екендігі анықталып жатыр. Полиция аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін тіркеді», – деді Салтанат Әзірбек.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
14.11.2026 11:34
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36