|
16.10.2018 | 12:14
2549

Өз әйелін ұрып өлтірген азаматқа сот үкімі шықты

Өз әйелін ұрып өлтірген азаматқа сот үкімі шықты

БҚО-да өз әйелін өлтірген Мұрат Жұмағалиевке сот үкімі шықты. Кәдімгі қарапайым отбасындағы ұрсы керістің соңы кісі өлімімен аяқталып отыр. Қысқаша қайырсақ, оқиға былай өрбіген: осы жылдың шілде айының 13 күні үйіне кешке қарай ішімдік ішіп келген үй иесі Мұрат Жұмағалиев әйелімен келіспей қалған. Сол күні әйелі де аздап ұрттап алған болып шыққан, деп хабарлайды tdk42.kz.

Отағасы сегіз жасар қызын көшеге шығарып жіберіп, әйелді соққыға жыққан. Кейін өзі үйден шығып  кетеді.Үйге келген 8 жасар қыз бала анасының басы қан-қан болып төсекте жатқанын көріп, көршілерді көмекке шақырған.Оқиға орнына келген жедел-жәрдем бригадасы әйелдің өлімін тіркепті. Оқиға орнына дереу полиция жетіп, күдікті Мұрат Жұмағалиевті дереу тұтқындаған. Қазір күдіктінің бар қылмысы дәлелденген. Осылайша, өз қолымен әйелін өлтірген Мұрат Жұмағалиевті 9 жылға бас бостандыған айыру туралы сот үкім шығарды.

Бірақ бұл үкіммен марқұмның туыстары келіспей отыр. Олар сот үкімі күшіне енгенге дейінгі аралықта кері шағым түсіреміз деп мәлімдеді. Марқұм әйелдің туған сіңілісі бүгін сот процесіне қатысып, шешіммен мүлдем келіспейтінін, бұл жаза қылмыскер үшін тым жеңіл деп есептейтінін айтты.

Марқұмның сіңлісі: "Біз балалар үйінде тәрбиелендік, біздің ешкіміміз жоқ, заңды білмейміз, сондықтан да арызды дұрыс жазбаған секілдіміз. Білмеймін, әйтеуір заңды білмейтін болғандықтан өз құқығымызды да дұрыс қорғай алмай тұрмыз, мен шешіммен келіспеймін. Кері шағым түсіремін", деп мәлімдеді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир