Ақшасын мерзімді депозиттен ерте алғандарға айыппұл салынады

Ақшасын мерзімді депозиттен ерте алғандарға айыппұл салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мерзімді салымдардан ақшасын уақытынан бұрын алғандарға  айыппұл салынады. Бұл туралы Қазақстанның  депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Нұрлан Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Депозиттің барлық түрлері – мерзімді, мерзімсіз, шартты депозиттер бойынша салымдар сақталады. 1 қазанға дейін ашылған салымдар мерзімі ұзартылған сәтке дейін өзгермейді. Бірақ, 1 қазаннан бастап ашылған мерзімді және мерзімсіз салымдарға ашу және қызмет көрсету шарттары өзгереді. Тұтынушылар арасында сыйақыны жоғалтпай, кез келген уақытта ақшаны толтыруға мүмкіндік беретін депозиттерге сұраныс көп. 1 қазаннан бастап мерзіміне қарамастан депозиттің сыйақы мөлшерлемесі 10,5% болады», – деді Нұрлан Әбдірахманов.

Сондай-ақ, ол мерзімінен бұрын алынатын қаржы үшін айыппұл салынатынын атап өтті.

«Мәселен, банктің келісімшартына сәйкес, сыйақы мөлшерлемесінің 50%-ын қайтарып алуға болады. Мерзімді салымға 100 мың теңге берілді деп есептейік. Оның 12 айдағы жылдық тиімді пайыздық мөрлшерлемесі 12 пайыз болады. Депозит 10 айдан кейінгі мерзімде қайтарып алынса, жинақталған сыйақымен бірге 104 958  теңге сомасында беріледі. Жалпы жинақталған сыйақының 50%-ы 4 958 теңге. Депозитті мерзімінен бұрын жабуға байланысты банкте қалатын сома 4 958 теңге болады. Бұл айыппұл деп есептесек болады.  Егер салым мерзіміне сәйкес алынса 112 015 теңге төленеді. Оың ішінде сыйақы сомасы - 12 015 теңге», – деді қор басшысы.

Сондай-ақ ол мерзімді депозиттер бойынша шектеулі пайыздық мөлшерлеменің шкаласы бекітілгенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық банк басшысы теңге депозиттері бойынша шарттар өзгеретінін айтқан болатын.


Новости партнеров