Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қаланың жарық көздерінің жүйесін жаңарту және мегаполистің маңызды тарихи нысандарын жарықпен архитектуралық нұрландыру жұмыстарын тексерді.
Биылғы жылы қайта жаңарған Абай, Абылай хан және Назарбаев даңғылдарында диодты жарық көздері бар 700-тен астам жарық бағаналары ауыстырылды, бұл шамдар энергияның жұмсалуын 30%-ға қысқартады және ұзақ мерзімді.
Алынған ескі бағаналар бұрын ешқандай жарық көздері болмаған Алатау ауданының 15 көшесіне орнатылады. Қазірдің өзінде 195 бағана Ақсай және Өтеміс көшелеріне жеткізілді.
Жалпы жыл аяғына дейін Алматыда 24 мыңнан астам жарық көздері немесе олардың 31,5%-ы энергия жинақтаушы және жарық диодты шамдарға ауыстырылады. Тағы да 266 км жарық көзін модернизациялаудың жобалық-сметалық құжаттары жасалуда.
Бұлардан өзге, қайта жаңарған 1400 аулаларға жаңа жарық көздері орнатылған.
Тарихи маңызы бар нысандарды кешке қарай жарықпен архитектуралық нұрландыру жұмысы одан әрі жалғасуда. Таяуда ғана «Қазақстан» қонақ үйі мен Орталық демалыс және мәдениет саябағының кіре берісі ерекше нұрға бөленді.
Алматыда ғимараттарды, нысандарды, ландшафтарды бірыңғай архитектуралық стильде нұрландыру аясында соңғы екі жылда 130 объект кешке қарай ерекше келбетке ие болды.
Олардың арасында Республика Сарайы, Тәуелсіздік Монументі, Көктөбе телемұнарасы, Абай атындағы МАТОБ, Әуезов және Лермонтов атындағы театрлар, Қастеев атындағы және Ықылас атындағы музейлер, Орталық мешіт, Свято-Вознесенский кафедралды соборы бар. Барлық жобалар бюджеттен тыс қаржылар есебінен жүзеге асуда.
Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Жолдауының маңызды бағытының бірі урбанизация мәселесін шешу мен қалаларды одан әрі дамыту болып табылады.
Айта кетерлігі, қала кеңістігін жақсарту аясында мегаполистің тархи орталығының үштен екісі жаңарды, 524 көше мен 1400 ескі аулалар қайта жасалды. 300 км арық, 800 км астам инженерлік жүйе реконструкцияланды. Қаланың барлық жер асты жолдары күрделі жөндеулерден өтті.
Көшедегі барлық жарық көздерінің үштен бірі диодты және энергияны сақтайтын шамдарға ауыстырылды. Жыл аяғына дейін жаңа қоғамдық көліктің үлесі 80%-ға жетеді.