|
20.10.2018 | 12:23
2155

Қарағанды облысында жас босанған әйел мен сәбиі көз жұмды

Қарағанды облысында жас босанған әйел мен сәбиі көз жұмды

Қарағанды олблысы Ботақара ауылының тұрғыны Қадиша Дәрменбаева кесарь тілігімен босанған соң, алты сағаттан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қадиша Дәрменбаева үшінші сәбиін өмірге әкелуі тиіс болатын. Марқұмның жұбайы айтқандай, босанатын күні ішінің төменгі жағында бір ауырлықты сезініпті. Бұл шамамен, күндізгі сағат 16.00 кезі болатын.

Әйел адам жергілікті ауруханаға барады. 19:40-та күйеуіне жазған хабарламасында Қарағанды перзентханасына апарғалы жатқанын айтыпты, бірақ әйелді онда жеткізіп үлгермеген. Жарты сағаттан соң суы кетіп қалып, жиырма минут ішінде шұғыл ота жасауға мәжбүр болады. Алты сағаттан соң Қадиша көз жұмды.

Ана мен бала өліміне қатысты ҚР ҚК 317-бабы 3-бөлімі (Медициналық қызметкердің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамауы) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Денсаулық сақтау департаменті комиссия құрып, емханада тексеріс жүргізеді, тергеуге басқа облыстың мамандары да қатысқан.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир