Ауғанстанда шарасыз ана басқа балаларына тамақ тауып беру үшін алты жастағы қызын сатуға мәжбүр болды, деп жазады sputniknews.kz Mirror басылымына сілтеме жасап.
«Қуаңшылықтың кесірінен үш баламмен ауылымды тастап кетуге мәжбүр болдым. Балаларымды аштықтан құтару үшін қызымды 3 мың долларға саттым, бірақ әзірге 70 доллар ғана қолыма тиді. Қалтамда көк тиыным жоқ, талғажау етер тамақ таппаймыз, отбасын асыраушы – күйеуім қаза тапқан», — дейді әйел адам.
6 жасар Акила есімді қыз өзінің тағдырыан бейхабар. Анасы қызына сатып жібергенін әлі айтпаған.
Ал қызды сатып алған ер адамның айтуынша, ол болашақта он жасар ұлының қалыңдығы болмақ. Акиланың тым жас екені ер адамның ойына кіріп те шықпайды.
«Біздің елді мұндай оқиғалар болып тұрады. Тіпті кәрі адамдар да жас қыздарды алады. Ондай бола береді», — дейді ол.
Оның үстіне, бұл өңірде күн көріс қамымен балаларды сату және сатып алу жиі кездесетін жайт екен.