|
20.09.2018 | 12:24
1824

Қазақстанда 1 қазаннан бастап теңгедегі депозит шарттары өзгереді

Қазақстанда 1 қазаннан бастап теңгедегі депозит шарттары өзгереді

Қазақстанда жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы жинақ және жедел салымдары сыйақысының шекті мөлшерлемесі бекітілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

«Биыл 1 қазаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютада сақтаған депозиттерінің шарттарына өзгеріс енгізілді. Енді жеке тұлғалардың салымы жедел және жедел емес жинақ болып бөлінеді», - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Сыйақы мөлшерлемесі салым түрі мен мерзіміне қарай сараланатын болады. Сондай-ақ шұғыл қайтарып алу немесе толтыру құқығына қарай қарастырылады.

Осыған орай, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (KDIF) шекті мөлшерлемені бекітті. KDIF өз құзыретіндегі банктер мәжбүрлі жағдайда жұмысын тоқтата қалса, ондағы сақталған жеке тұлғалардың қаржысын (депозитегі, есепшоттағы, сондай-ақ төлем картасындағы) қайтаруға кепілдік береді.

Қазіргі таңда депозиттерді кепілдендіру жүйесіне 27 банк қатысады. KDIF кепілдігі барлық жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға жарайды. Жинақты шетел валютасымен жүргізетіндер үшін бұрынғы әдіс қала бермек. Яғни, сыйақы мөлшерлемесі салым мерзіміне қарамастан 1 пайыздық деңгейін сақтап тұрады.

«Салымдарды жіктеу мен сыйақының шекті мөлшерін бекіту 1 қазаннан кейінгі депозиттерге қатысты. Оған дейінгілері бұрынғы келісім-шартта көрсетілгендей жалғаса береді», - деді Ұлттық банк баспасөз қызметі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

условия
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир