Алматыда су арзандайды

Алматыда су арзандайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1 қаңтардан бастап «Алматы Су» мекемесі өз тарифтерін 10 пайызға төмендетеді. Бірақ бұл судың сапасына еш әсерін тигізбейді.

Холдинг басшылығының берген мәліметіне сәйкес, қазір Антимонополия комитетімен тиісті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, су тарифтері Алматыда соңғы 4 жыл көлемінде өзгермеген. Ал қалаға орта есеппен тәулігіне 600 мың текше метр су беріледі екен.  

«1 қаңтардан бастап тарифтер төмендейді. Егер қазір 1 мың литрге 55,56 теңге болса, шамамен, 50 теңгені құрайтын болады. Кәріз желісіне 28,8 теңге төлеп келсе, келер жылдан бастап 25,7 теңге төлейді. Бұлардың барлығы компанияның шығындарды қайта есептеуі арқасында мүмкін болып отыр», – деді «Алматы Су» МКМ Ақпарат және қоғамдық байланыстар бөлімінің басшысы Серік ШӘГІРОВ.  

Ал ағынды суларды тазарту зауытының күрделі жөндеуден өтуіне байланысты, тарифтердің төмендеуі сумен қамтамасыз ету процесіне кері әсерін тигізбейді дейді жауаптылар. Оның үстіне, холдингтегі төмен жалақы алатын қызметкерлердің жалақысы 15 пайызға өсіпті.

Еске сала кетейік, өткен аптада Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев еліміздегі коммуналдық қызметтерді төмендету бойынша бірқатар тапсырма берген болатын.  



Новости партнеров