GGG Мессимен кездесіп, қолғабын сыйлады

30.11.2018 17:27

Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин Аргентина мен Барселона құрамаларының шабуылшысы Лионель Мессимен кездесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы кездесу барысында футболшыға өзінің қолғабын сыйлады. Айта кетейік, олар Барселонада ортақ демеушілері – әлемдегі алғашқы Finney блокчейн-смартфонының таныстырылымында кездесті.

Осыған дейін Головкиннің бала кезінде футболмен айналысқаны жайлы айтылған болатын. Қазақстандық боксшы 2016 жылы «Вест Хэм» футболшылары, бапкерлері және басшыларымен кездесіп, ағылшын командасының матчтарының бірін тамашалаған болатын.

Суретте: Геннадий Головкин, Лионель Месси және Кеңес Рақышев Finney блокчейн-смартфонының таныстырылымында