ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференцияның ашылуында Қазақстандағы денсаудық сақтау жүйесін жақсарту бойынша негізгі бағыттар мен міндеттерді айтты, деп хабарлайды Бақ.кз.
«Осыдан 40 жыл бұрын денсаулық сақтау жүйесінің негізі болып саналатын Алматы деклорациясы қабылданды. Сол кезде еліміздің тарихында тұңғыш рет әр азамат медициналық көмек алуға құқылы болып ресми түрде бекітілді. Мемлекетіміз тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап әлеуметтік-экономикалық секторларда реформалар жасалуда. Денсаулық сақтау саласында МСАК-қа басым маңыз беріледі. Жыл сайын 5 миллион адамға скрининг жасалады», – деді ол.
Сондай-ақ 2019 жылдан бастап Қазақстандағы барлық емханалар мен медициналық орталықтар қағазсыз жүзеге асатын цифрлық құжатқа көшетінін айтты.
«Ал 2020 жылдан бастап барлық азаматта электронды медициналық паспорт болады. 2019 жылы онкологиялық орталықтың құрылыс жұмыстары басталады», – деді Бақытжан Сағынтаеа.
Премьер-министр Астанада өтіп жатқан жаһандық конференцияда медицина саласындағы көптеген өзекті мәселенің шешімі табылады деп сенетінін айтты.
Еске сала кетсек, Астанада медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету жөнінде жаһандық конференция өтіп жатыр. Оған 146 мемлекеттен 1142 делегат қатысуда. Оның ішінде 35 министр, 21 вице-министр бар.