Қостанайда 35 жастағы келіншек жоғалып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанайлық полицейлер 35 жастағы Елена Войтенкоға іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қостанай қаласы ІІБ «Оңтүстік» бөлімі 1983 жылы туған Войтенко Елена Васильевнаға іздеу салады. Ол 2018 жылдың 30 қазан күні Қостанайдағы үйінен шығып кетіп, оралмаған», - делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.
Полиция департаменті Елена Войтенко туралы мәліметтерді жариялады. Оның бойы - 170-172 см, арық денелі, сары шашты. Үйінен шыққанда үстінде ақшыл сары пальто, шарф, қара түсті легинсы болған.
Елена Войтенко туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, «102» нөміріне қоңырау шалуға болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30