Бразилияда қолында қаруы барларды атып тастауға рұқсат берілді

Бразилияда қолында қаруы барларды атып тастауға рұқсат берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Рио-де-Жанейро көшелерін енді мергендер күзетеді, олардың міндеті – қолында қаруы бар қылмыскерлерді бірден атып тастау. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады, деп жазады Бақ.кз.

Арнайы қарумен жарақтанған мұндай команда полициямен бірге қаланың бұзақылар орналасқан аудандарын бірге бақылайтын болады. Тәртіп сақшылары енді екі адам болып жұмыс істейді. Бірі қылмыскерлерге қарсы оқ жаудырғанда, әріптесінің әрекеті заңды екенін дәлелдеу мақсатында екіншісі бейнекамераға түсіріп жүреді.

Көше қылмысын қатаң басу бағдарламасы федеральды сот Уилсон Витцелдің бастамасымен жүргізілуде. Ол 2019 жылдан бастап Рио-де-Жанейро қаласының губернаторы қызметіне кіріспек.

«Хаттама бойынша олар қолында қаруы бар кез келген адамды өлтіреді. Көшеге қару алып шыққандар өзгенің өмірі үшін уайымдамайды да, олар жолын кескендердің барлығын өлтіруге дайын», - дейді ол.

2017 жылы Бразилияда 64 мың адам өлімі тіркелген, бұл әлемнің өзге елдерімен салыстырғанда анағұрлым жоғары көрсеткіш.


Новости партнеров