Ақтөбеде мектеп-интернатының оқушылары төбелесіп, біреуі ауруханада жатыр

Ақтөбеде мектеп-интернатының оқушылары төбелесіп, біреуі ауруханада жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбедегі ең үздік дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты оқушыларының арасында төбелес болып, олардың бірі ауруханада жатыр, деп жазады NUR.KZ.

Оқиға 8 желтоқсан күні түскі мезгілде М.Құсайнов атындағы «Дарын» мектеп-интернатының 10 «а» және 10 «ә» сынып оқушыларының арасында болған.

Жанжал интернатта жатып оқитын оқушы мен үйінен қатынап оқитын оқушы арасында кабинетте туындаған. Салдарынан жарақат алған оқушы облыстық ауруханаға жеткізілген.

«Оқиға сенбі күні болды. Жарақаттың немен салынғаны әлі анықталған жоқ. Пышақ па басқа ма белгісіз. Екеуі де оқу үздігі, тәртіптері жақсы балалар. Зардап шеккен бала ауруханада жатыр. Жанжал туғызған оқушы үйінде. Себебі болған жағдай анықталып жатыр», – дейді мектеп директоры Гүлнәр Тәжіғалиева.

Жанжалдасқан балалар интернатта 5 сыныптан бері бірге оқиды екен.


Новости партнеров