Қазақстанда тегін дәрілерді алу туралы SMS-хабарлама жіберіледі

Қазақстанда тегін дәрілерді алу туралы SMS-хабарлама жіберіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер туралы SMS-хабарламалар жіберетін болады


SMS-хабарламаларды тегін дәрі-дәрмек алатындар тізіміне енген адамдарға жібереді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Енді пациенттерге 2018 жылдың соңына дейін SMS-хабарлама жіберу көзделіп отыр.

Хабарлама биылғы қараша-желтоқсан айларында тегін дәрі-дәрмек алғандар тізіміне енген пациенттерге жіберіледі.


«2018 жылдың басында Медициналық сақтандыру қоры кепілдендірілген тегін көмек пакеті шеңберінде берілетін дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарына ақы төлеу тәртібін өзгертті. Яғни, бұрын дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар ақысы дәрігер жазған рецепт бойынша төленіп келген болса, биылдан бастап дәрі қолма-қол берілген рецептілерге ғана төленеді. Атап айтқанда, пациент дәріні алған кезде тиісті құжаттарға қол қояды. Содан кейін төлем туралы мәлімет «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Ендігі кезеңде бақылау жүйесіне пациенттердің өздерін тарту көзделген. Бүгін біз осы жүйені нобайлы жоба ретінде іске қосып отырмыз», - деді Ботагөз Жақселекова.


Жоспар бойынша хабарлама рецептілерде көрсетілген 3 млн нөмірге түсуі тиіс. Хабарламада дәрі-дәрмектің берілген күні мен атауы көрсетіледі. Егер пациент препараттарды алмаған болса, SMS-хабарламаға жауап ретінде «0»  цифрын жолдайды немесе «СК-Фармация» ЖШС-ның 1439 байланыс нөміріне қоңырау шалуға болады.


Новости партнеров