Салынып жатқан үйден пәтер алу үшін 2 жылда ақша жинауға болады – зерттеу

Салынып жатқан үйден пәтер алу үшін 2 жылда ақша жинауға болады – зерттеу
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жас отбасына депозит төлемі 10,5 пайыз болған жағдайда салынып жатқан үйдегі пәтердің алғашқы жарнасына ақша жинау үшін шамамен 25 ай уақыт керек. Мұндай пікірді Ranking.kz сарапшылары айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Сарапшылар жүргізген зерттеуге сүйенсек, ірі қалалардың тұрғындары Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының бағдарламалары бойынша тез уақыт ішінде ақша жинай алады екен. Мысалы, Оралда жас отбасылар - 16 айда, Атырау, Ақтау, Павлодар, Қызылорда және Тараздағылар 17 айда алғашқы жарнаны жинай алады. Ал ақша жинауға біраз уақыт кететін қалалардың тізімінде Шымкент - 40 ай, Алматы және Өскемен (26 ай) тұр.


«Салынып жатқан үйлердегі пәтерлердің бағасы пайдалануға берілген пәтерлердің бағасынан 20 пайызға арзан. Салынып жатқан үйдегі пәтердің шаршы метрі 212,3 мың теңге, бір бөлмелі пәтерді онда 7,5 миллион теңгеге алуға болады», – делінген сарапшылардың зерттеуінде.



Новости партнеров