Қазақстандық бүлдіршін Максим Галкинді дарынымен тәнті етті

Қазақстандық бүлдіршін Максим Галкинді дарынымен тәнті етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тоғыз жасар қыз «Лучше всех!» бағдарламасына қатысып, жүргізушінің берген тапсырмасын еш қиындықсыз орындап, көрермен көзайымы болды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Алматы қаласында тұратын Вероника Каткаева Первый каналдың «Лучше всех!» бағдарламасына қатысты.

Бүлдіршін актерлік шеберлігін көрсетіп, шоу жүргізушісі Максим Галкинді аузына қаратты. Вероника — актриса, модель, вокалист.

«Сен әуелі әншімісің?» — деп сұрайды Максим Галкин.

«Жоқ, бірінші кезекте актриса және модельмін», — деп жауап берді Вероника.

Қыз баланың айтуынша, негізінен жарнамаға түскен екен, ал жақында әлеуметтік роликке түскенде, камера алдында ұзын шашын қиып, тақырлап тастауға келісімін берген.

Әліз-оспақ тапсырмасын орындағанда Вероника әртүрлі образда өлең жолдарын оқып, жүргізуші мен көрермендерді тәнті етті.

«Ғажап!» — деді Максим Галкин. Жүргізуші қызға қатты разы болып, таңданысын жасырмады.

Сонымен бірге, бағдарламада Вероника актер Антон Лаврентьевпен бірге «Кішкентай ханзада» ертегісінен үзінді қойып берді.

Вероника Каткаева үш жасынан бастап модельдік агенттікке барып, дефиленің қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, актерлік шеберлігін шыңдаған. Төрт жасында «Қазақстанның кішкентай аруы» республикалық байқауында Гран-при иеленеді. Содан бері әртүрлі жобаларда биіктен көрініп, дарынының арқасында топ жарып жүр.


Новости партнеров