Шығыс Қазақстанда балалар арасында өлім-жітім жиілеп кетті

18.09.2018 17:44

Биыл бір жасқа дейінгі 105 нәресте шетінеген. Мұндай қорытындыны ШҚО Статистика департаменті жасап отыр, деп хабарлайды altaynews.kz.

2017 және 2018 жылғы мәліметтерді салыстырып қарағанда, биылғы қаңтар-маусым айлары аралығында бір жасқа дейінгі 105 нәресте шетінеп кеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 22,1 пайызға жоғары.

Балалар арасындағы өлім-жітім тыныс органдарының аурулары, туа біткен ауытқулар, инфекциялық және паразитарлық аурулар сияқты перинаталдық мерзімде пайда болатын патологиялармен жиі байланысты екен.

Дегенмен, жақсы жаңалықтар да бар. Шығыс Қазақстанда жарты жыл ішінде 10 912 бала дүниеге келген.