Дәрігер ота кезінде науқастан қомақты ақша талап еткен

Дәрігер ота кезінде науқастан қомақты ақша талап еткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Яо биліктегілерге шағым түсіргеннен кейін аурухана 41 450 юань өтемақы төледі

Қытайда хирург ота ортасында науқастан ақша төлеуді талап етіп, әрі қарай жұмысын жалғастырмай қойған. Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Оқиға Ганьсу провинциясының Ланьчжоу қаласында болды. 25 қазан күні науқас Яо Юньнань провинциясынан келіп, дәрігерге тексергені үшін 538 юань төлейді. Дәрігер Яоны отаға жіберіп, кейін процедураның ортасында одан 15,3 мың юань (822 мың теңге) төлеуді талап етеді.

Хирург Яоға лимфа түйіндерінің қабынып тұрғанын және дәл қазір оған ота жасамаса, болашақта денсаулығы нашарлап кетуі мүмкін екенін айтқан.

Яо қатты қорқып қалады. Сондай-ақ, анестезиядан кейін сөз таластыруға күші қалмайды. Осыдан кейін оның жарасын таңып, төменгі қабаттағы кассаға жібереді.

Яо көп ұзамай Ланьчжоу билігіне шағым түсіреді. Сондай-ақ, ол басқа дәрігерлермен кеңесіп, мұндай отаның орташа есеппен 1 500 юань тұратынын анықтайды.

Аурухана басшылығы ер адамға 41 450 юань көлемінде өтемақы төлеуге келісті.

Басылымның хабарлауынша, мұндай жағдай Қытайда жиі кездеседі. Себебі, жекеменшік медициналық орталықтарды көп ешкім бақылай бермейді. Осының салдарынан науқастар процедура үшін бірнеше еселеп ақша төлеуге мәжбүр болады.


Новости партнеров