2018 жылы қазақстандықтарды жылатқан 5 оқиға

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2018 жыл Қазақстан үшін қандай жыл болды? Қандай жетістіктерге жетіп, қандай қиыншылықтарға төтеп бердік. Саясат, экономика, қоғам салаларында қандай өзгерістер орын алған еді? Биыл қазақстандықтарды жылатқан 5 оқиғаны назарларыңызға ұсынамыз, деп жазады Stan.kz.


1. Денис Тен


Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы Денис Теннің өлімі тек біздің елімізді ғана емес, бүкіл дүние жүзін дүрліктірді десек, артық айтпаспыз. Көліктің айнасы үшін ажал құшқан спортшымыз өз жасына қарамастан үлкен жетістіктерге қол жеткізген. 25 жыл ішінде көптеген жүлдеге ие болып үлгерген, баршамыздың жүрегімізді әдемі күлкісімен, жылы сөздермін жаулаған спортшымыз бүгінде өкінішке қарай, арамызда жоқ. Еліне сіңірген еңбегі үшін Денистің құрметіне арналып көптеген шаралар ұйымдастырылды. Оған қайтыс болғаннан кейін Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін» медалін берді.


2. Алима Көпей


1,5 жасар Алима Көпейдің дерті қазақстандықтардың жүрегін қозғаған еді. Оның жағдайына бей-жай қарай алмаған көпшілік ақша жинап, еміне көмектескен болатын. Аз уақыт арасында Алимаға қазақстандықтар қомақты қаражат жинап, оның емделуіне атсалысты. Отандастарымыздың тілеуіне қарай, кішкентай қыз қатерлі дертінен айығып келеді. Күні бүгін ғана әлеуметтік желіде оның әкесі жақсы жаңалығын айтып, қазақстандықтарға алғысын білдірді. Қызының жаман дерттен арылатынына сенім білдірген әке Жаңа жылды тек жағымды көңіл-күймен қарсы алатындарын жазды.


3. Абай ауылындағы 7 жасар бала


Түркістан облысының Абай ауылындағы мектептердің бірінде 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлап келген. Бұл оқиға бірнеше күннің ішінде әлеуметтік желілерде тарап кеткен еді. Қоғамды дүрліктірген бұл оқиға қарапайым халықтан бөлек, шенеуніктерді де орнынан тік тұрғызған болатын. Қоғам белсенділері балаға араша түсіп, кінәлілерді жазаға тартуды талап еткен. Бұл іске қатысты сот шарасы әлі күнге дейін жүріп жатыр. Айта кетсек, қайырымдылық қорының жетекшісі Аружан Саин осы тақырыпқа қатысты көптеген пікір айтып, баланың құқығын қорғап жүрген азаматшалардың бірі.


4. Тал түбінде ес-түссіз табылған бала


Әлеуметтік желіде Алматыдағы шығыс айналма жолында көлік қағып, тал түбіне тасталған 4 жасар баланы бастапқыда бәрі көлік қақты деп шулаған. Көлік иесін таппай әлек болған полиция қызметкерлері баланы өзінің туған әкесі аяусыз ұрып-соққанын анықтады. Барша халық бірігіп, қаққан көлік иесін іздеу үстінде болған кезде бұл жаңалық  жұртты біршама есеңгіретіп тастаған болатын. Бүгінде бұл қылмыстық іс сотқа жетті, ал бала бағына орай, тірі қалып, қазіргі таңда оңалу кезеңін бастан кешуде.


5. Шымкентте педофилдің құрбаны болған бала


Шымкентте бүлдіршінге тиіспек болған педофилдің әрекеті бейнебақылауға түсіп, Өзбекстан азаматы тұтқындалған болатын. Барша қазақстандықтардың жүрегін ауыртқан бұл оқиға осымен аяқталмай, баланың әкесінің жүрегі көтере алмай, артынша қайтыс болды.

Аталған оқиға үлкен резонанс тудырған еді. Сот нәтижесі бойынша 33 жастағы педофил 15 жылға сотталды. Айта кетсек, балалар құқығын қорғап жүрген қайырымдылық қорының жетекшісі Аружан Саин бұл баланың да құқығын қорғап, педофилдерге қатысты заңды күшейтуді сұраған еді.


Новости партнеров