69 жыл бойы қызын өлі деп келген әйел онымен кездесті

10.12.2018 в 17:58

ДНҚ талдауы 69 жастағы америкалық әйелдің анасын табуына көмектесті. Қызы анасына туа сала ажырап қалған, деп жазды stan.kz.

Конни Маултруп 1949 жылы дүниеге келген. Оны асырап алғанға дейін балалар үйінде өскен. Қыздың бес жасында асырап алған анасы онкологиялық аурулардан қайтыс болады. Асырап алған әкесінің екінші әйелі қызды жақтыра қоймайды. Сондықтан қыз бала жаман қарым-қатынаста өскен.

Көп уақыт өз ата-анасын табуды армандайды. Бірақ таба алмайды. Бір жыл бұрын қызы оған Ancestry.com жиынтығын сыйлаған. Ол ДНК тестін қолданып, туыстарын іздеуге көмектеседі. Әйел тауып алған жақын туыстарының біріне хабарласып, анасының аты-жөнін айтқан.

«Мен анамды Женевье Пуринтон деп атаған дедім.  Туысым бұл менің апам, ал ол әлі тірі деді», – дейді әйел.

88 жастағы Женевьев Пуринтон жалғыз тұратын. Анасы қызын босанғанда дәрігерлер оның шетінеп кеткенін айтып сендірген. Себебі ол кезде АҚШ-та тұрмыстқа шықпаған қыздардың сәбиін өлді деп анасынан ажырататын болған. 1973 жылдан бастап түсік жасауға заңды рұқсат етілді.

Анасы 88 жасына дейін туған қызы бар екенін білмеген. Қызымен арада 69 жыл өткенде ғана кездесті.