Алматы мектептерінде Ерлік сабағы өткізілуде

Алматы мектептерінде Ерлік сабағы өткізілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы жергілікті әскери басқару органдарында қыркүйектің соңына дейін Алматы қаласы бойынша барлық мектептерде патриоттық және ерлік, бейбітшілік пен келісімді ұлықтау сабақтары өткізіледі, деп хабарлайды qamshy.kz.

Сабақты өткізуге Алматы қаласы жергілікті әскери басқару органдарының офицерлері мен сержанттары, оның ішінде, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері қатысады.

Сондай-ақ, салтанатты шара қонақ шақырылумен, әскери әуеннің шырқалуымен Алатау ауданы мектептерінің бірінде өткізіліп үлгерді. Аталған шараға Алатау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілерінің ұйымдастырумен өтті. Мектеп оқушылары әскери қызметшілерге көкейде жүрген қызықты сауалдарын қойды және олар да болашақ та Отанын қорғайтын әскери қызметші болғысы келетіндерін айтты.

«Өскелең ұрпақтың Отанға деген патриоттық сезімін арттыру маңызды деп ойлаймын. Патриоттық сезім бастауыш сыныптан басталуы тиіс Қазақстанның әрбір азаматы жасына қарамай борыш, абырой, жауапкершілік туралы қасиетті білуі қажет», – деді Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары майор Рамиль Рахимжанов.

Ерлік сабағының басты мақсаты – еліміз азаматтарын ерлікке, отансүйгіштікке, елін құрметтей білуге, патриоттық рухқа тәрбиелеу. Кездесу барысында ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, жастарға өсиет сөздерін жеткізді.


Новости партнеров