13-19 тамызға арналған ауа райы болжамы

13-19 тамызға арналған ауа райы болжамы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ыстықтың беті қайтады. Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы өткен аптамен салыстырғанда 9 градусқа төмендейді. 

Дүйсенбі, 13 тамызда термометр бағаны күндіз +28, түнде +14 градусқа төмендейді. Күн салқын болады.

Сейсенбі, 14 тамыз күні ауа температурасы +31, түнде +17 градусты көрсетеді. 

Сәрсенбі, 15 тамыз күні термометр бағаны +34 градусқа жоғарылайды, түнде +18 градус жылы болады. 

Бейсенбі, 16 тамыз күні ауа температурасы күндіз +34, түнде +18 градусты көрсетеді.

Жұма, 17 тамызда күн бұлытты болады. Термометр бағаны күндіз +32, түнде +18 градусты көрсетеді. 

Сенбі, 18 тамыз күні жауын жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +32, түнде +18 градус болады.

Жексенбі, 19 тамыз күні термометр бағаны күндіз +33, түнде +18 градусты көрсетеді. Күн жылы болады. 


Новости партнеров