|
18.09.2018 | 13:04
1826

Астана әкімі елордалықтарды жаңбыр суынан әбігерге түсірмейтін жол тапты

Астана әкімі елордалықтарды жаңбыр суынан әбігерге түсірмейтін жол тапты

Елордада жаңбыр суларын жинау алаңы 10 гектарға ұлғаяды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында елорданың 2019-2023 жылдарға арналған жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспары жобасын таныстырған Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нақты шешімді қажетсінетін Астананың өзекті мәселелерінің бірі – нөсер кәрізі. 2019 жылдың соңына қарай нөсер кәрізінің қолда бар тазалау құрылыстарын реконструкциялау және жаңаларын салу жұмыстарын өткізу жоспарланады. Бұл 17 мың гектар ауданды қамтуға және жер үстіндегі сулардың кедергісіз кетуіне мүмкіндік береді», – деді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, су жинаудың жалпы алаңы 13 мың гектардан 23 мың гектарға дейін өседі. Бұл 2030 жылға дейін игеру алаңының 66 пайызға немесе 2020 жылға нөсер кәрізі желісіне ағын сулар алаңының 96,5 пайызын құрайды.

«Халықты сапалы қызметтермен қамтамасыз ету үшін 150 шақырым сумен қамту желілерін және 81 шақырым су бұру желілерін салу күтілуде», – деді елорда әкімі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир