Алматыда тұрғын үй басқармасының жанынан ХҚКО ашылды

Алматыда тұрғын үй басқармасының жанынан ХҚКО ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы жанынан халықты қабылдап, кеңес беретін арнайы зал ашылған. Мұнда «Нұрлы жер», «Өңірлерді дамыту 2020» және қалалық «Алматы жастары» бағдарламаларын халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріп, олардың сұрауын қанағаттандыратындай жағдай жасалған», - деді әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Операциялық залдың негізі мақсаты - халыққа жылдам әрі сапалы қызмет көрсету, сондай-ақ бұқараға тұрғын үй заңнамасына сай міндеттер мен ақпаратты ашық түрде жеткізу. Операция залының 1-ші қабатта орналасуы әсіресе егде жастағы кісілер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, қимыл-тірек аппаратының көмегімен жүріп-тұратын азаматтарға ыңғайлы етіп жасалған.

Есту, сөйлеу қабілеті нашар адамдарға онлайн сурдо аудармашы және «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы (ЭСҚ болған жағдайда) өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы бар.  


Новости партнеров