Алматыда өрт сөндіру инспекторларының кеудешесіне видеотіркегіштер тағылатын болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«Әр видеорегистратор өрт сөндіру бақылау инспекторының тексеріс кезіндегі кәсіпкерлермен арадағы әңгімесін, сұхбатын жазып алатын болады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бұл шара қалалық әкімдіктің қолдауымен жүзеге асырылып отыр», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бейнематериалдар күн сайын жүктеліп, жарты жылға жуық уақытқа дейін сақталады.