Қызылордада полицей қайын әпкесін өлтіргені үшін сотталды

Қызылордада полицей қайын әпкесін өлтіргені үшін сотталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордада полицей қайын әпкесін пышақтап өлтіргені үшін сотталды. Сот оны 10 жылға соттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып, айыптыға жаза кесілді. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң тәртіптегі мекемеде өтейді. Бұрынғы полицей қылмысты мас күйінде жасаған.

Сот мәліметіне сәйкес, ерлі-зайыптының арасында жандал туып, күйеуі әйеліне қол көтереді. Әйел болған жайтты әпкесіне баяндайды. Әпкесі күйеу баласымен сөйлесіп, сіңлісін ұрмауын сұрайды. Олай етпеген жағдайда жұмысындағы басшылыққа хабарлайтынын жеткізеді. Бұған ашуланған ер адам оған пышақ сұққан. Дәл жүрек тұсынан соққы алған әйел ауруханада мерт болды.

Оқиғадан соң полицейден аға лейтенант атағы алынып тасталды. Айыпты жәбірленуші жаққа 2 млн теңге төлеуге міндеттелді.


Новости партнеров