|
28.09.2018 | 13:15
1381

Храпунов 20 жылға сотталуы мүмкін

Храпунов 20 жылға сотталуы мүмкін

Алматыда қаланың бұрынғы әкімі Виктор Храпунов ісі бойынша сотта жарыссөз өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Виктор Храпуновты қылмысы дәлелденді деп санап, оны 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауыңызды сұраймын. Сонымен қатар, 7 жыл мемлекеттік органдарда қызмет етуге тыйым салынсын, мүлкі тәркіленсін», – деді прокурор.

Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы экс-әкімді барлық марапаттары мен медальдарынан айыру туралы Мемлекет басшысына өтініш беруді ұсынды.

Ал Храпуновтың жары Лейла Храпунованы 17 жылға, оның сіңлісінің күйеуі Айяр Ілиясовқа 8 жыл бас бостандығынан айыру сұралды Бұл істе айыпталушылар  сырттай сотталып жатыр. Олардың ешқайсысы сотқа келген жоқ.

Айта кету керек, Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ерлі-зайыпты Храпуновтарға қатысты іс қаралып жатыр.

Виктор мен Лейла Храпуновтардан өзге сотталушылар Қуандық Бексұлтанов, Алтай Қасымов, Яков Заяц, Абай Сапаров, Серик Есмұханов, Айяр Ильясов, Айнакүл Садықбаева, Абдул-Ғазиз Мұқашев, Абылайхан Қарымсақов, Ғабиден Қайымсұлтановтар сот алдында жауап берді. Виктор мен Лейла Храпуновтар, Айяр Ильясовқа сырттай қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Қалған тұлғалардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алу шарасы таңдалды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир